AUTHOR: sep_09F85KG2_S169.txt TEXT:
Құман тұр от басында келін болып.
Өзім де онымен көптен бері доспын.
Ол тез-тез басып үйге кірді.
Себебі адам құмарланған нәрсесін қоя алмайды.
Содан кейін ол ләм-лим демейді.
Пейзаж автордың негізгі мақсатына байланысты болады.
Бір кезде мылтық даусы шаңқ етті.
Орыс адамы бәрін тұтас күйінде қамтиды.
Белінде қынға салған алтыатар, белдігінде айбалта.
Асау болып кетіпсің Бас білмеген асаудай.
Түйешілер ойпатқа жарты күн жүріп әрең жетті.
Дос елменен, достарға ұқсап, Жасап бағам қатынас.
Бопай оның бір де бірін сөзген жоқ.
Маналы бері үнсіз жатқан Рахым басын көтерді.
Ылғи да шаттық бермес саған әр күн.
Көзінде Жайық жағасы, Кызықты түстей көп елес.
Институтты бітірген соң бірінші мұғалімдер конференциясына бардым.
Тамақ таңдамайды, өңешінен өткеннің бәрін ішіп-жейді.
Ешкім де соншалық желігіп, жеңілейіп күліп ойнамайды.
Алып қашты хабармен елдің өкпесі кепкендей болды.
Нұрланды, ажарланды әжім беті, Біткендей дүниеден барлық мұңы.
Үлкен жолдың бойымен мен енді жаяу жүре бермекпін.
Оң жағында отырған жұдырықтай шалдың кеп кемсең деді.
Мына сорлы сорлап қалды-ау деп, жұбату айтпайды.
Қалбалақтаған көп қылау мұның да омырауын қармай алды.
Күндердің күнінде тіптен құтыла алмайтын жағдайға душар болады.
Дауысын көтеріп балаларға ұрысқан кезі де жадымда жоқ.
Мұндағы қазақтарды көтеру үшін әдейі сені жіберіп отыр.
Ауылға барған екі күн де есінен шығып кетті.
Бұрынғыдан да бері төмен жақындап төне түскендей сезілді.
Тірі қайтсам осыдан, Ойыңызда да жоқ, Хабар айтып келемін.
Осымен қысқартамын сөзді жай-ақ, Үстіне жығылғанның салмай таяқ.
Келген адамның мейірімді аспаз әйел Фатима екендігін бірден білді.
Енді терт-бес айда қылаң-қылаң етіп жүзе жөнеледі.
Солардың арасынан мұның көзіне таныс бір бейне ұшырап кетті.
Кейде әбден сілесі катқан Мәруан таңертең тұра алмай қалады.
Салық: Сұлтан елден сырт қонса, Ұлтан болар боран күн.
Бұл араның дені Арғын, Қыпшақ азын-аулақ Найман бар...
Сол теңіздер сияқты, менің денемде де сау жер қалыпты.
Ұшып-ұшып тұрмасақ бураша зіркілдеген Жылқыбай маяның үстіне шығады.
Қанжығасын қарақшы тышқан тонап, Көкпар қылып жан-жаққа ап қашыпты.
Бәрі де сонау жер түбіндегі Ұлы хан тұқымына тәуелді еді.
Адамзаттың тәні түгіл, жаны құл, Адамзаттың ой-иманы, ары құл.
Бұ малды тірі күнінде де, сойылғанда да қыздың кезіне көрсетпейді.
Бірі елге Азаттықты әкелсе, Бірі ерге міндет артқан елу ең.
Мұндағылардың көпшілігі Жанысбайдың намысын жыртып, сойылын соғады, жауырды жаба тоқиды.
Ел ішіндегі аузы дуалы дейтіндердің бәріне де сөз салып көрді.
Бұл қалаларды мен тек губернатор, жандаралдар ғана билейді деп ойлайтынмын.
Қараумен сағатына ара-тұра, қалмай да бара жатыр тағаты да.
Әйтеуір, екі тақуаның тіл табысқан тату тірлігіне көзім ғана куә.
Қарайды ол сол жұлдызды күнде келіп, Секілді бақ жұлдызы көңілі сеніп.
Тана жүретін күні вокзалға соңғы лекцияны тастап, біздің группа түгел барды.
Адамдар барға да, жоққа да сеніп жапа тармағай тіршілікке кірісіп кеткен.
Уақиға ауыр болды көзбен көрген, Атқыш ем қолмен мерген, көзбен мерген.
Пенденің билігі аздау, арманы көп, Қақ төрге шыққың келсе заманды ұқ.
Ол ақ-қарасын ажыратып Жатқан жоқ, қолына түскен заттың бәрін салып жатыр.
Радиусы он шақты шақырымға созылған қалың ну да бұл жұртқа тоғай бопты.
Олжабек пен Кәрібай келді бір кезде, Шығанақ домбырасын сүйей салып, күліп жіберді.
Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас Назым екен.
Менің айтарым: сіз бұрын да жас баладай аңғал едіңіз, әлі солай көрінесіз.
Ол өмір шындығын романтикалық пафос, болғаннан кері болуы керек деген ой тұрғысынан суреттеді.
Бұларда қойылған сұрақтардың жауаптарын оқушылардың өздері бере алғандай етіліп, сөйлемдер әдейі солай құрылған.
Тапшы өмірге өкініп, Біз де бір күн Дәм таусылса, сол жаққа барамыз да.
Сол ерке, еркін өскен Майлыаяқ біраз күннен бері езінің бұрынғы бостандық өміріне зар.
Одан өтіп сүт тағамын сататын жерге келсек бір келіншек айран сатып тұр екен.
Бердібек қаза табар алдында, осы Қырымды әскери жағынан Алтын Орда қолбасшыларының бірі Мамайға бағындырған.
Сол судан қан-сол ғайып пайда болып, Сүйек пен етке шаптық үш-төрт айда.
Жым-жырт жұрт қайтадан гуілдей жөнеліп еді, бас қазының қамшысы қайтадан шошаң ете қалды.
Мырзахан мен Құнанбай осы уақытта пешті жапты да, бір-біріне қарасып, үндеспей күлісіп қойды.
Тастақ қабырғаның жалтылдақ селдір бетегесі күні бойғы сүйретілген шөптен жапырылып, бұзау жалағандай жылтырап қапты.
Жайлаубайдың өжет үні мен жуан даусынан шошып кеткендей, бәрі де орын-орындарында селтиіп тұрып қалысады.
Сөйте тұра иелері оларды ат жарысына арнайы салынған қоршаудың ішінде таяқ тастам жерге ғана айдайды.
Оның төрт батырмен қорықпай күресуі өз алдына, айқасқан жерде төртеуінен де күшті, басым болып суреттеледі.
Ор бойындағы бұл жолығысқа ақ патша бұл ойлағаннан гөрі де көбірек маңыз беріп отырған болды.
Өйткені Кенесары бес мың мылтықты әскер түгіл, бес жүз патша солдаттарымен де қаша жүріп соғысады.