жабу
AUTHOR: oct_07M93SS2_S78.txt
TEXT:

Бұл Азиада өте қасиетті деп ойлаймын.
Оқу орны Әбу Ханифа есімін иеленген.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізде адами дамудың клубтық жүйесі құрылған.
Осы ауылға біздің де жолымыз түсті.
Ал, біздің жанымыз мол, малымыз көп.
Ізбасар солардан сұранып түйе бағуға шықты.
Бақылау тестілеу және әңгімелесу түрінде өтеді.
Кеңес отырысы барысында секциялық отырыстар өтті.
Сол маңдағы туристер де көмекке келді.
Олардың барлығы дерлік негізінен баспана мәселесін қозғайды.
Бірер күн бұрын олар тиісті жауаптарын берді.
Ризамын бұл  өмірге, Кеткенмен де кетпен мүлдем.
Бұл аймақ халықтың суға түсіп, демалуына арналған.
Басқа да  өнімдер сұранысқа байланысты жасай береміз.
Бірақ  ғарышты зерттеу әлі өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Мұндайіскерлікті”, әлбетте, ешқандай заңмен ақтауға болмайды.
Аяқ асты болған жағдайға ата-аналар наразы.
Осы сәтті метрода орнатылған бейнекамера түсіріп алған.
Бірақ енді сондай биік баға қоя алмаймын.
Осы арқылы кәсіпорынның, компанияның құрылымына, қызметіне өзгерістер енгізіледі.
Олардың жұмысына ауа райының қолайсыздығы кедергі болып тұр.
Италия еуроаймақтағы қарыз дағдарысынан зардап шеккен елдердің бірі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы ризашылығымды айтқым келеді.
Жауапты тараптар селк етіп оянып, іске кірісіп кетті.
Рәміздер күні құрметіне шығарылған арнайы құрметті белгілермен марапатталды.
Бір шараны аяқтаса, іле-шала екіншісін ойлап табады.
Асқақ кеуде, еңсе биік, Жанарында от бар-ды.
Бірақ  оның кейіпкерлерінің жүрегі мәңгілікке соға беруге тиіс.
Саммит өткізу қазақстандық төрағалықтың басты басымдығы болып табылады.
Бүкіл облыс бойыншабұл  жалғыз ғана өте жоғарғы көрсеткіш.
Қайнаған өмірдің ішінде жүргеннен кейін бәрін көзіміз көріп жүр.
Мамандардың пікірінше, күдікті қоғамға ешқандай қауіп төндіріп отырған жоқ.
Ал бұл мәселені шешу үшін нендей шаралар атқарылуы керек?
Сөйтіп, сыйақы алып жүрген басшыларға қосымша қаржы төлеу шектелді.
Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары басталды.
Біз әрқашан да сол  сенімді ақтауға тырысамыз,-дейді Ирина.
Бұл күнді Еуропалық ұлттық  және табиғи саябақтар федерациясы жариялаған.
Оны Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университеті ұйымдастырып отыр.
Жалпы, бұндай семинарлар Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттерінде өткен болатын.
Оған соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, "Естелік" ардагерлер клубының мүшелері қатысты.
Екі елді ежелден достық пен сыйластық, мәдениет пен ғылым байланыстырған.
Сочи қаласының ортасындағы бір дүкеннің алдында қолдан жасалған бомба жарылған.
Ұлт саясаты қазақ халқына жасаған кемсітушіліктің орнын толтыруға арналуы тиіс.
Көбіне  суррогат ана болуға ауылдан жұмыс іздеп келген әйелдер сұранады.
Мұның үстіне, Қырғызстан үлкен қаржылық қиыншылықтарға кезігіп отырғанын ескеру қажет.
Сондай-ақ бұқаралықақпарат құралдарына да  айтарлықтай көңіл бөлініп отыр.
Алайда Эфиопия авиакомпаниясы тірі қалғандар туралы деректердің жоқ екенін мәлімдеді.
Жапонияның басты аралы Хонсю аумағы толықтай дерлік қар құрсауында қалды.
"Біздіңше Астана қазақстандықтар нағыз мақтан ететін қала",-деді мәртебелі мейман.
Оқиға орнына тез арада полиция жасақтары менЖедел жәрдемкеліп жеткен.
Осылай деген Мехмет Шахин әрі қарай түркі дүниесінің ортақ құндылықтарына тоқталды.
Енді  еңбек, өмір тәжірибесінен шыққан жас маманның алдында жарқын жол жатты.
Себебі Алла тағала Құран оқылғанда оқылған әрбір әрпіне он сауап береді.
Шара «Медбикелер аурудың алдын алу үшін» атты акция аясында іске асуда.
Қазақтар жекпе-жекке анау шықсын, мынау шықсын десе, ешкім батылы жетіп, шықпайды.
Облыс басшысының тапсырмасы бойынша былтыр "Оралагрореммаш" зауыты арнаулы техникалар шығаруды қолға алды.
Ана тілін білмейтін, не  шорқақ білетін азаматтарға сын сағатын туғызатын уақыт жетті.
Франк осыдан он жыл бұрын мемлекет Еуроодаққа қосылғаннан кейін қолданыстан шыққан еді.
Бұл қиялдан туған туынды емес, суретшінің Жапонияға шеккен сапары салған ойдың жемісі.
Жеті орталықтан тұратын медициналық кластар құрылды, сонымен бірге кардиологиялық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын.
Айталық, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың "Бақыт күн тілегі" деген әнін жаңадан оркестрге түсірдім.
Сол  сәтте ғой тар үй түгілі, кең кеңістікке сыймай Алматының сыртына шығып кеткеніміз...
Оның атап өткеніндей, бүгінде Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің және өнеркәсіп өндірісінің өсуі байқалады.
Алдын-ала болжамдарға қарағанда, олар ішкен суға тәліптер улы зат қосқан болуы керек.
Президент алдымен Таллин қаласының әкімімен кездесіп, он үшінші  ғасырда салынған қала әкімшілігінің ғимаратын аралады.
Мәселен, қолға алынған үлкен істердің бірі ретінде ауылдың инфрақұрылымын дамытуға қаражат қаралып, жұмсалу үстінде.
Осыған орай "Егемен Қазақстан" газетінің бүгінгі нөмірінде Қр Үкіметінің Кедендік одаққа қатысты мәлімдемесі жарияланды.
Германиялық саясаткерлер Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі айрықша роліне жоғары баға беруде.
Осы басылымда жарық көрген келесі мақала "Қазаққа қай жаңа жыл жақын?" деген тақырыппен берілген.
Осылайша, бірнеше жылдан бері қаржы табылмай келген жобаға былтыр үкімет ақша бөліп, құрылыс басталып кетті.
Үкіметтің міндеті сол шешімдерді жүзеге асыру бизнеске жеңіл болуы үшін барлық жағдайды ынталандыру болып табылады.
Бұлардан бөлек, Елбасы жаңа технологияларды өндіріске енгізіп, тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізу қажеттілігін де атап көрсетті.
Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабақ, бет-жүз құбылысы, дауысы маңызды қызмет атқарады.
Сонда ғана бала өз бетінше еңбек етуге үйреніп, алдынан шыққан қиындықтардан оңай жол табатын болады.
1521-ші Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі руханиятымыздың тамыр-тамырына қан жүгіріп, ұлтымыздың рухани өмірінде елді елең еткізер елеулі оқиғалар болды. Осыдан он жыл бұрын жас мемлекеттің рухани түлеу кезеңінің алғашқы баспалдағындай болған «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кітапханасының негізінде ашылды. Танымдық тамырларымызды қайта нәрлеңдіруге бірегей бет бұрыс болған игілікті іске жұрт болып, жұмыла кірістік. Ғылыми орталық өзiмiздiң төл тарихи мұраларымызды, сондай-ақ тарихи отанымыздан тыс мемлекеттік мұрағаттар мен кiтапханалардағы, мұражайлардағы сақтаулы деректер мен жазбаларды ғылыми тұрғыдан тиянақты, әрі жүйелі зерттеуді мақсат етті. «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығы қоры өткен он жылда Әлкей Марғұлан, Сапарғали Бегалин, Мұхамеджан Қаратаев, Тұрсынбек Кәкiшев, Оразкүл Нұрмағамбетова, Рабиға Сыздықова, Серiк Қирабаев, Әлия Бейсенова, Ақселеу Сейдiмбек қатарлы ғалымдардың жеке кiтапханаларымен толықты. Қазiргi таңда «Отырар кiтапханасында» Әлкей Марғұланның – 573, Сапарғали Бегалиннiң – 316, Мұхамеджан Қаратаевтың – 1525, Тұрсынбек Кәкiшевтiң – 5400, Рабиға Сыздықованың – 2100, Оразкүл Нұрмағамбетованың – 787, Серiк Қирабаев – Әлия Бейсеновалардың – 5044, Ақселеу Сейдiмбектiң – 1590 жеке кiтапханасынан еңбектер жинақталған. Ғылыми орталық қорында қазір барлығы 42 000 кiтап бар. Адамзаттың ақыл-ой дамуында аңызға айналған Отырар кітапханасын қалпына келтіру – осыдан он жыл бұрын арман болса, бүгін «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы тәуелсіз қазақ елінің рухани орталығына айналып отырғанын мақтанышпен айта аламыз. Оған ел мерейінің өсуіне, ғылыми әлеуетінің ілгерілеуіне өзіндік серпін берген еңбектері дәлел. Бүгінгі ғылым сұраныстарына сай 2009 жылдың 27 наурызында (Бұйрық №456 ж.) «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығынан жалпы студенттер кітапханасы бөлініп, осы негізде «Университет кітапханасы» болып қайта құрылды. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы өз алдына ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын орталық болып қалдырылды. Оқу-ағарту, рухани-мәдени салада айрықша беделге ие «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының келешегі зор, алда атқарар ісі ұшан-теңіз. Орталықтың кітапхана қоры, елдің рухани өмірі Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай тағы бір еңбекпен толығып отыр. Кітапта «Отырар кітапханасының» құрылу тарихы, орталықтың қалыптасу және даму жолы, мемориалдық қордың сипаттамалары қамтылған. Ғылыми орталық ұсынып отырған бұл еңбектің мәдени-ағарту мекемелерiне, мұғалiмдерге, студенттерге, ғылыми, бұқаралық-ақпарат қызметкерлерiне және қазақ елінің қазіргі рухани-мәдени өміріне ынта-ықыласпен қарайтын барша оқырман қауымға берер тағылымы мол. Б.Ж. ӘБДІРАЙЫМ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, профессор. БІРІНШІ БӨЛІМ: БАСТАУ («Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылуы туралы Үкімет қаулысы, ұсыныстар, негіздемелер, жобалар, бұйрықтар, үндеулер, мақалалар)