жабу
AUTHOR: sep_13F50TB3_S54.txt
TEXT:

Кеше атақты театрда үлкен мереке ұйымдастырылды.
Мұндай адамдар басқалардың қолдау көрсеткенін қалайды.
Алайда оның өзін әркім әрқалай түсіндіреді.
Тербеліс ОХ өсі бағыты бойымен өтсін.
Жастардың басқалардан ерекшеленуіне деген талпыныстары жоғары.
Ол жинақы және кішірек болу керек.
Осы сауалға жауап аударманың ауанын айқындайды.
Оларға әлеуметтік-фондық ұғымдар да жақын.
Қазақ поэмасында көбінесе аударма шығармаларда кездеседі.
Көркем шығармалар түрлі оқиғаларды, күресті көрсетеді.
Еңбектің екінші тарауында бұл туралы  ештеңе жазылмаған.
Осы күштер бойынша токтың бірлігін тағайындай аламыз.
Мұндай жағдайда мәселені жеке компоненттеріне бөлуге тырысады.
Мұндай мәннің жағдайы жанды еңбек болып табылады.
Жас кезінде бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер.
Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын.
Осы теңдеу фазалар үшін нақты болып табылады.
Кәсіпкерге келетін тиімді, тиімсіз жақтарын анықтап көрсетіңіз.
Жалпы шешімге шекаралық шарттарды қойып жүйесін аламыз.
Жеке бастың жауапкершілікті сезінуі бірнеше факторлармен анықталады.
Демек, ондай теория бүгінгі күннің өзінде-ақ қажет.
Мұндай детальдарды «Қаһар» романында да жиі кездестіруге болады.
Сонымен, стратегиялық жоспардағы тәрбиелеудің үш әдісі бары анық.
Қатаң құпия ақпаратты қамтитын құжаттарды поштамен жіберуге болмайды.
Ол үшін интегралын бағалау керек. Күш өрісі берілген.
Яғни, алгебралық операциялар анықталған жиынды алгебра деп атаймыз.
"Жай қылмыс қана емес, авантюралық қылмыс", - дер едім.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы да әбден тозған.
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.
Бұлар жалпы мемлекеттегі экономикалық жағдайдың нашарлауына алып келеді.
Әннің тұрмыс пен өмірге етене араласуы әншілер қауымын қалыптастырды.
Көтермешілер өндірушіге аздаған шығындармен көптеген ұсақ клиенттерді қамтуға көмектеседі.
«Қаһар» романында кездесетін әрбір образ жасаушы тұлға өзінше шешен.
Компьютерлік графика және оны қолданатын дизайн салаларын ажырата біледі.
Оқулықта шашыраудың амплитудасын есептеудің негізгі әдістері жан-жақты баяндалған.
Компьютерлер қоғамды ақпараттандыру процесінің негізгі техникалық құраушысы болып табылады.
Тұрақты ток конденсатор арқылы өтпейді, конденсатор қабаттарының аралары ашық.
Соңғы мақсаттар мен міндеттер тек қана адам жағынан өзгертіледі.
Бұл жылуөткізгіштік теңдеуі арқылы жазылатын процестердің қайтымды еместігімен байланысты.
Лабораториялық және инерция орталығы жүйелері арасындағы шамалардың байланыстарын келтірейік.
Бұл концепцияда ақпарат тауар ретінде қарастырылады және статистикалық әдістермен зерттеледі.
Ал өнегелік тәрбие, керісінше, адамның өзіндік қасиетін, қабілетін ашуға бағытталған.
Орталық банктің ақша-несие саясаты және ақша айналымын реттеу мәселелері.
Осыған байланысты ақыл-ой дамуының мазмұндық критерийлері туралы  сұрақ туындайды.
Сұлтандардың қай-қайсысы да билік басында бір өзінің болуы үшін ұмтылды.
Еңбек шартын бұзу кезінде пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысын өтеу.
Бұл да еліміздің әлемдік аренадағы абыройын, мәртебебеделін танытса керек.
Сыртқы жарнаманы әуелгі көзбен көргендегі әсер «ұнайды-ұнамайды» дегенге саяды.
Өзі баға деңгейіне әсер ете алмайтындықтан, фирма нарық бағасын қабылдайды.
Фирма өзі орныққан нарыққа тереңірек ену үшін бірнеше тәсілдерді қолданады.
Алайда, бұл жарнама бүгінгі ұғымдағы жарнама ауылынан әлі де алыста еді.
Оны жасауда ең алдымен бір қарағанда жатталып қалуын қамтамасыз ету қажет.
Ондағы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтап, орыс тіліне аударыңыз.
Соңғы кездері жоғары оқу орындары түрлі реформалардың талай қиыншылығын бастан өткізді.
Мысалы, және зарядтары оң болса, онда кулондық күшті жеңу керек болады.
Жануарлар мен өсімдіктерді күтіп-баптау, қадағалау жұмыстары әрбір үйірме мүшелеріне бекітіліп берілді.
Сол арқылы әдебиеттің бұл тегі өз бойында лирика мен эпостың сипаттарын ұштастырады.
Ал көп нүктелер орнында сәйкесінше түбір сөздер мен жалғаулар бар деп түсініледі.
Гидроэнергетикалық ресурстардың өте жоғары шоғырланған жері - республиканың Шығыс және Оңтүстік-шығыс аймақтары.
Мысалы, Жапонияның Либерал-демократиялық партиясы аграрлық елді қазіргі заманғы қуатты державаға айналдырды.
Жетпіс жылға тарта тарихы бар мектепте неше бір зерделі де, талантты адамдар болды.
Сондықтан  да Қазақстан әр түрлі шикізатты жеткізуші ретінде, өнім өткізу нарығы ретінде болды.
Мазмұны жағынан студенттердің оқу-шығармашылық іс-әрекеттерінің нәтижелері заманауи талаптарға сай болуы шарт.
Бұл  өкілдіктер тепе-теңдігі нақты басқарушылық немесе ұйымдастырушылық міндеттерге байланысты кең түрленуі мүмкін.
Жұмыстың бұл  сатысындағы менеджердің басты міндеті жұмысшыларды белсенді іс-әрекетке жұмылдыру болып табылады.
Сыртқы жарнаманы қызметтер мен тауарларды өткізуге қажетті белгілі бір ақпараттық орта деп қарастыруға болады.
Осыған байланысты динамикалық құрылымдардың өлшемдері үнемі өзгеріп қозғалыста болатындықтан да, оларды динамикалық деп атайды.
Мұндай қылмыстарда кінәлі арнайы құралдар қолданбайды, негізінен «кездейсоқ» қолға түскен тұрмыстық мақсаттағы заттарды қолданады.
ҚР ЕК ұжымдық еңбек даудың бір тарабы ретінде жұмыс берушіні, жұмыс берушілер бірлестігін таниды.
Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде қалыптасып дамуда.
Мемлекеттегі халықтың саны мен ұлттық құрамы туралы  мәліметтер ұлттық саясатты оңтайлы жүргізу үшін аса қажет.
Сондықтан процессингтік орталықты құру құны қолма-қол ақшаны өңдейтін құрылғыларды сатып алу құнымен шамамен бірдей.
Міне, осы аттары аталып, заттары қатталып отырған жәдігерліктер мен қарекеттерді зерделесек, одан түйеріміз мынау болмақ.
Мемлекетімізде жер қатынастарының дұрыс дамуы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық дамуына зор ықпалын тигізетінін ұмытпағанымыз жөн.
Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады.
1521-ші Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі руханиятымыздың тамыр-тамырына қан жүгіріп, ұлтымыздың рухани өмірінде елді елең еткізер елеулі оқиғалар болды. Осыдан он жыл бұрын жас мемлекеттің рухани түлеу кезеңінің алғашқы баспалдағындай болған «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кітапханасының негізінде ашылды. Танымдық тамырларымызды қайта нәрлеңдіруге бірегей бет бұрыс болған игілікті іске жұрт болып, жұмыла кірістік. Ғылыми орталық өзiмiздiң төл тарихи мұраларымызды, сондай-ақ тарихи отанымыздан тыс мемлекеттік мұрағаттар мен кiтапханалардағы, мұражайлардағы сақтаулы деректер мен жазбаларды ғылыми тұрғыдан тиянақты, әрі жүйелі зерттеуді мақсат етті. «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығы қоры өткен он жылда Әлкей Марғұлан, Сапарғали Бегалин, Мұхамеджан Қаратаев, Тұрсынбек Кәкiшев, Оразкүл Нұрмағамбетова, Рабиға Сыздықова, Серiк Қирабаев, Әлия Бейсенова, Ақселеу Сейдiмбек қатарлы ғалымдардың жеке кiтапханаларымен толықты. Қазiргi таңда «Отырар кiтапханасында» Әлкей Марғұланның – 573, Сапарғали Бегалиннiң – 316, Мұхамеджан Қаратаевтың – 1525, Тұрсынбек Кәкiшевтiң – 5400, Рабиға Сыздықованың – 2100, Оразкүл Нұрмағамбетованың – 787, Серiк Қирабаев – Әлия Бейсеновалардың – 5044, Ақселеу Сейдiмбектiң – 1590 жеке кiтапханасынан еңбектер жинақталған. Ғылыми орталық қорында қазір барлығы 42 000 кiтап бар. Адамзаттың ақыл-ой дамуында аңызға айналған Отырар кітапханасын қалпына келтіру – осыдан он жыл бұрын арман болса, бүгін «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы тәуелсіз қазақ елінің рухани орталығына айналып отырғанын мақтанышпен айта аламыз. Оған ел мерейінің өсуіне, ғылыми әлеуетінің ілгерілеуіне өзіндік серпін берген еңбектері дәлел. Бүгінгі ғылым сұраныстарына сай 2009 жылдың 27 наурызында (Бұйрық №456 ж.) «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығынан жалпы студенттер кітапханасы бөлініп, осы негізде «Университет кітапханасы» болып қайта құрылды. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы өз алдына ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын орталық болып қалдырылды. Оқу-ағарту, рухани-мәдени салада айрықша беделге ие «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының келешегі зор, алда атқарар ісі ұшан-теңіз. Орталықтың кітапхана қоры, елдің рухани өмірі Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай тағы бір еңбекпен толығып отыр. Кітапта «Отырар кітапханасының» құрылу тарихы, орталықтың қалыптасу және даму жолы, мемориалдық қордың сипаттамалары қамтылған. Ғылыми орталық ұсынып отырған бұл еңбектің мәдени-ағарту мекемелерiне, мұғалiмдерге, студенттерге, ғылыми, бұқаралық-ақпарат қызметкерлерiне және қазақ елінің қазіргі рухани-мәдени өміріне ынта-ықыласпен қарайтын барша оқырман қауымға берер тағылымы мол. Б.Ж. ӘБДІРАЙЫМ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, профессор. БІРІНШІ БӨЛІМ: БАСТАУ («Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылуы туралы Үкімет қаулысы, ұсыныстар, негіздемелер, жобалар, бұйрықтар, үндеулер, мақалалар)